Қазақстанда есірткі сатқан 440 сайт анықталды
Оның айтуынша, интернетте есірткі сату дерегін анықтау үшін «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі іске қосылған.
Жыл басынан бері Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 440 интернет-ресурс, оның ішінде 150-ден аса Telegram-канал анықталып, бұғаттауға жіберілді, – деді Бақытжан Әмірханов.
Сондай-ақ ол биыл елдегі танымал порталдардың бірінде 50-ден аса хабарландыру алынып тасталғанын атап өтті. Ондағы жұмыс курьер деп жазылғанымен жұмыс іздеген адамға есірткі тасымалдау ұсынылған.
2022 жылғы қаңтар-ақпанда Ішкі істер органдары 378 есірткі қылмысын анықтаған. Оның ішінде 248 дерек есірткі сату, 85 дерек аса ірі көлемде есірткі сақтаумен байланысты.
Жыл басынан бері 7 есірткі зертханасы жойылды. Барлығы 422 келі есірткі тәркіленді. Оның ішінде 196 келі гашиши, 213 келі марихуана, шамамен 40 келі синтетикалық есірткі бар, – деді басқарма басшысы.