Елімізден дәрі-дәрмек шығаруға алты ай мерзімге тыйым салынады
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Құжат Ашық НҚА порталында жарияланған.
Кез келген формадағы дәрілік заттарды, соның ішінде фармацевтикалық субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдар мен сурдотифлотехниканы қоса алғанда, медициналық бұйымдарды, сондай-ақ олардың өндірісіне қажетті материалдар мен құрамдас бөлшектерді шығаруға алты ай мерзімге тыйым салынады, - делінген құжатта.
Тыйымның мына тауарларға қатысы жоқ:
- Қазақстан аумағынан тыс басталатын және аяқталатын транзиттік тасымалдармен тасымалданатын тауарлар;
- пациенттердің тапсырысымен тек жеке пайдалану мақсатында дайындалған медициналық бұйымдар;
- шет елдерге халықаралық гуманитарлық көмек көрсету үшін жөнелтілген тауарлар;
- бөлшек сауда аясында жеке пайдалану мақсатында әкелінген және сатып алынған тауарлар;
- МӘМС жүйесі бойынша немесе кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында алынған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар;
- көрме өткізу үшін одан әрі сату құқығынсыз көрмеге қойылатын дәрілер мен медициналық бұйымдар үлгісі;
- клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер немесе сынақтар өткізу үшін түскен үлгілер;
- денсаулық сақтау ұйымдарында оларды қолдану жерінде дайындалған радиофармацевтикалық дәрілік препараттар;
- мемлекеттік тіркеудегі сараптама жүргізуге арналған үлгілер;
- пациенттің немесе оған таңдалған донордың аутологиялық биологиялық материалдарын пайдаланып жеке қолдану үшін өндірілген жетекші терапияның дәрілік заттары;
- ЕЭО кеден аумағына келген көліктердің жолаушылары мен экипаж мүшелерін, пойыз бригадалары мен жүргізушілерін емдеуге арналған дәрі-дәрмек;
- халықаралық мәдени, спорт шаралары мен халықаралық экспедици қатысушыларын емдеуге қажетті дәрілік заттар.
Бұйрық жобасы 6 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 17:53
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
Бүгін, 17:23
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
Бүгін, 15:32
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Бүгін, 13:58
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді