Елордалық медицина ұйымдары Наурыз мерекесінде қалай жұмыс істейді
Қалалық стационарлар азаматтарды жұмыс күндеріндегідей тәулік бойы қабылдауды жалғастырады. Резервтік бейінді палаталардың халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету жұмысы тоқтатылмайды.
Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарында мереке күндері халыққа медициналық көмекті кезекші дәрігерлер көрсететін болады. Сондай-ақ, сүзгі-кабинеттер, амбулаториялық пациенттерге медициналық көмек көрсететін мобильді бригадалардың үздіксіз жұмысы жалғастырылады. Жедел және консультациялық көмек көрсету үшін стационарлық көмекті жоғары білікті мамандар көрсететін болады, - делінген хабарламада.
Алайда басқарма мереке күндері болғандықтан емханалардың жұмыс кестесі өзгеретінін атап өтті.
Осылайша, емханалардағы кезекші қызметкерлердің жұмыс уақыты сағат 8:00-ден 18.00-ге дейін, сүзгі кабинеттер – 8:00-ден 20.00-ге дейін қабылдайды. Амбулаториялық пациенттерге медициналық көмекті тек жалпы тәжірибе дәрігерлер сағат 8:00-ден 16:00-ге дейін көрсететін болады.
Сондай-ақ 103 қызметі де қоңырауларды қабылдау және қала тұрғындарының шақыртуларына қызмет көрсету бойынша өз жұмысын тоқтатпайды – тәулігіне 24 сағат диспетчерлер мен жедел жәрдем бригадалары қызмет етуде.