00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алкоголь өніміне салынатын акциздерге бірқатар өзгеріс енгізілді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алкоголь өніміне салынатын акциздерге бірқатар өзгеріс енгізілді
ашық дереккөз

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, Салық кодексінің 475-бабы 4-тармағына есепке алу-бақылау маркаларымен таңбаланатын алкоголь өніміне (толысылған шарапты және сыра қайнату өнімдерінен басқа) акциз төлеу мерзімі бойынша өзгерістер енгізілген.

Осыған байланысты алкоголь өнімін өндірушілер есепке алу-бақылау маркаларымен таңбаланатын толысылған шарапты және сыра қайнату өнімін қоспағанда, алкоголь өніміне акциз салығын өз таңдауы бойынша төмендегі мерзімнің бірінде төлеуі қажет:

  • есепке алу-бақылау таңбаларын алғанға дейін;
  • Салық кодексінің 172-бабына сәйкес есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттеме ұсынылған жағдайда акцизделетін тауарларды тиеп-жөнелту (беру) күніне дейін. 

Сондай-ақ Салық кодексінің 172-бабының 7-14-тармақтарына енгізілген өзгерістеге сәйкес алкоголь өнімін өндіруді жүзеге асыратын тұлға, есепке алу-бақылау маркаларын мақсатты пайдалану туралы міндеттемелерді және есепті ұсынады.

Салық кодексінің 463-бабының 4-тармағына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, онда алкоголь өнімі түрлерінің өзгеруі, атап айтқанда "шарап материалы" ұғымы "толысылған шарапқа", ал "сыра және сыра сусыны" ұғымы "сыра қайнату өнімімен" ауыстырылды, - деп жазылған хабарламада.

Бүгінде бұйрық жобасы мемлекеттік органдардың қарауында.