00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Egov mobile қосымшасының жаңа нұсқасы пайдаланушыларға қолжетімді болды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Egov mobile қосымшасының жаңа нұсқасы пайдаланушыларға қолжетімді болды
ашық дереккөз

Мемлекеттік қызметтерді eGov mobile мобильдік қосымшасын пайдалана отырып, телефондағы бірнеше тетікті басу арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызметтерді алу уақытын үнемдеу және цифрлық форматқа көшу үшін eGov mobile функциялары мен мүмкіндіктері де кеңейтілді. Egov mobile қосымшасында қазірдің өзінде 400-ге жуық мемлекеттік онлайн-қызмет пен сервис қолжетімді, 2022 жылдың соңына дейін барлық мемлекеттік қызметтерді 80%-ға дейін «смартфондау» жоспарлануда. Жаңартылған дизайнмен қоса «Цифрлық құжаттар» сервисіне ЭЦҚ кілті арқылы авторизациядан өткен жағдайда интернетке қосылмай-ақ пайдалану мүмкіндігі пайда болды, – делінген хабарламада.

Бүгінде eGov mobile мобильдік қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» сервисі 18 құжаттан (жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР тест және туу туралы куәлік және т.б.) тұрады.

Egov mobile мобильді қосымшасы азаматтар арасында сұранысқа ие және қажетті құжаттарды өзімен бірге «телефонда» алып жүруге мүмкіндік береді. Іске қосылған сәттен бастап тек «Цифрлық құжаттар» сервисін 47 миллионнан астам пайдаланылды. Бүгін біз пайдаланушылар бағалай алатын жаңа және ыңғайлы интерфейс жасадық. Осыған дейін ЭЦҚ көмегімен авторизациядан өткен қолданушылар цифрлық құжаттарды интернет болмаған жағдайда пайдалана алады, енді бұл қызмет оларға әрқашан қолжетімді, - деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Қосымшаның жаңа нұсқасына eGov.kz порталының 20-дан астам мемлекеттік қызметі қосылды, олардың ішінде: ҚР аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру, қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру, ҰОС қатысушыларына куәліктер беру және т.б.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін белгілі бір тақырып бойынша пайдалы ақпарат жиынтығынан құралған «Өмірлік жағдайлар» жаңа бөлімі қосылды. Бұл сервис азаматтарға қажетті мемлекеттік қызметтерді алуға өтінім беру және ақпаратты іздеу үшін уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Цифрлық құжатта қате мәліметтер анықталған жағдайда «қате туралы хабарлау» батырмасын басып, e-Otinish арқылы тиісті мемлекеттік органға өтініш беру тетігі пайда болды.

Ең маңызды жаңарту: жеке тұлғаларға Е-license порталының 250-ден астам қызметін алу мүмкіндігі пайда болды, олар: жеке кәсіпкер ретінде қызметінің болуы туралы хабарлама, жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту және карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шақыруға фитосанитариялық сертификат беру.

Egov mobile мобильдік қосымшасының жаңа нұсқасы iOS жүйесінің пайдаланушылары үшін App Store платформасында, сондай-ақ Android жүйесінің пайдланушыларына Play Market және App Gallery қолжетімді.