Nur Otan партиясының атауын «Аманат» деп өзгерту ұсынылды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Мәжіліс төрағасы, палатадағы Nur Otan фракциясының жетекшісі Ерлан Қошанов Nur Otan партиясының атауын «Аманат» деп өзгертуді ұсынды.
Біз ел бірлігін, халық тұтастығын, ұлттар татулығын, еңбекқорлықты, біліктілікті болашақ замандарға жаңғыртып жеткізуге міндеттіміз. Бұл істе тыңнан түлеген, сындарға шыңдалған партияға жүктелер жауапкершілік салмағы орасан. Біз қашан да бабалар аманатына адал болуымыз керек. Бұл - біздің перзенттік парызымыз. Сондықтын еліміздегі ең басты саяси ұйымның «Аманат» деп аталуы орынды деп ойлаймыз. Осыған орай бүгінгі съезде Мәжіліс фракциялары депутаттары партия атауын «Аманат» деп өзгертуді ұсынып отыр, - деді Ерлан Қошанов.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
22 қараша, 2024
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
22 қараша, 2024
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
22 қараша, 2024
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді