Ұшақта электронды темекі тартқан елордалық әйелге айыппұл салынды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
ІІМ Көліктегі полиция департаментінің басшысы Оңал Бекиевтің айтуынша, Нұр-Сұлтан әуежайындағы желілік полиция басқармасының кезекші бөліміне AirAstana әуе компаниясының өкілдерінен Дубай – Нұр-Сұлтан рейсінің жолаушылары арасында құқық бұзушы бар екені туралы хабарлама түскен.
Тексеру барысында көлік полицейлері ұшақта электронды темекі шеккен 46 жастағы азаматшаны анықтады. Көліктегі полиция қызметкерлері оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 441-бабының 1-2 бөліктері (Әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін тұтыну) бойынша әкімшілік хаттама толтырып, 50 АЕК көлемінде айыппұл салды, – деді О. Бекиев.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 14:29
Қазақстандық мамандар Германияның зорлық-зомбылықпен күрес тәжірибесін зерттеп жатыр
Бүгін, 13:54
Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасында 93 мыңға жуық кәсіпорын тіркелді
Бүгін, 13:29
Түркістан облысында заңсыз алкоголь өндіретін цех анықталды
Бүгін, 12:16
«Жас сарбаз» шығармашылық студиясы есептік концертін берді