ӘМСҚ 113 елордалық медициналық қызмет жеткізушімен шарт жасасты
Қазіргі уақытта 1 389 медицина ұйымы қордың ТМККК және МӘМС бойынша медициналық қызметтер көрсететін тікелей жеткізеді. Көпшілігі амбулаториялық жағдайда консультациялық-диагностикалық көмек көрсету, медициналық оңалту, мамандандырылған стационарды алмастыратын көмек, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету бойынша медициналық қызмет жеткізушілер ретінде тіркелген.
Қазіргі уақытта қор Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 113 медициналық қызмет жеткізушімен шарт жасады, оның 76-сы – жекеменшік клиникалар. Жыл өткен сайын тұрғын халыққа медициналық қызмет көрсететін жекеменшік қызмет жеткізушілер үлесі артуда. Бұл пациенттің үздік клиниканы таңдауына мүмкіндік береді. Медициналық қызмет жеткізушілер тізімін қордың fms.kz сайтынан қарауға болады, - деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры елорда филиалының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.