00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бүгін еліміздің үш өңірінде дауылды ескерту жарияланды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бүгін еліміздің үш өңірінде дауылды ескерту жарияланды
ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК-нің мәліметінше, түнде шығыста, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады деп болжайды. Өңірдің оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз солтүстіктен, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Петропавлда күндіз боран соғып, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.

Оралда түнде және таңертең тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында тұман түседі.

Ақтөбеде түнде және таңертең тұман болады.