22.02.2022: Ерекше күнде қанша жұп неке қидырды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Ведомство мәліметінше, бүгін некесін қидыруға ниет білдіргендердің саны қарапайым күндермен салыстырғанда 2,5 есе көп болған.
Алматы қаласында орналасқан сегіз АХАЖ бөлімі жас жұбайларға толы. Бүгін 266 жұп неке қидырады. Бұл қарапайым күндермен салыстырғанда 2,5 есе көп. Бізде күніне 20-дан 100- ге дейін тіркейтін. Жас жұбайлар осындай ерекше үйлескен сандары бар күнді таңдайды. Көп адам 22.02.2022 күннің таңғажайып екеніне сенімді. Сондықтан ерекше назар аударады,- деп атап өтті департаменттен.
Әділет департаменті бөлімінің мәліметінше, бүгін неке қидыруға 242 адам өтініш берген. 11:00-дегі жағдай бойынша 91 жұп некесін қидырып үлгеріпті.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 17:53
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
Бүгін, 17:23
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
Бүгін, 15:32
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Бүгін, 13:58
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді