00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл Қазақстандағы 285 елді мекенді су басу қаупі бар

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл Қазақстандағы 285 елді мекенді су басу қаупі бар
ашық дереккөз

Юрий Ильиннің айтуынша, 2022 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша су тасқыны қаупі бар елді мекендерді қорғауды көздейтін 148 іс-шара қолға алынды.

Жалпы, су тасқынына қарсы іс-шаралар кешенін іске асыру 340 елді мекеннен су басу қаупін алып тастады және 385 елді мекенде қауіп барынша азайтылды. Бүгінгі күні су тасқыны қаупі бар 1 010 елді мекеннің 285-і үшін қауіп сақталуда, – деді министр.

Оның мәліметінше, елдің таулы аймақтарында мұздықтардың қарқынды еруі де тасқын қаупін жоғарылатып отыр.

Біз каналдарды тазалау, жарылу қаупі бар 17 мұздақ көлде сифондар орнату сияқты алдын алу іс-шараларын жүргіздік, – деді ол.