Президенттің швейцариялық банкте қаржылық шоты жоқ – Берік Уәли
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары жазып жатқандай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың швейцариялық банкте қаржылық шоты жоқ. Сондай-ақ Президенттің шетелдік банктер мен офшорлық компанияларға да ешқандай қатысы болмаған және шетелде жылжымайтын мүлкі де жоқ.
Қасым-Жомарт Кемелұлының бұрынғы жұбайының да мақалада жазылғандай ешқашан қаржылық шоты болмаған.
Тимур Тоқаевқа келетін болсақ, жасы 38-де. Ол – кәсіпкер, ешқашан мемлекеттік қызметте істемеген.
Өздеріңіз білесіздер Президент экономика мен саясаттағы монополияны шектеуге, реформаларды жүзеге асыруға күш салып келеді. Бұл Мемлекет басшысының осындай шешімдерін жақтамайтын адамдардың әдейі таратып жатқан фейк ақпараттық шабуылы деп ойлаймын, – деп жазды Б.Уәли.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
22 қараша, 2024
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
22 қараша, 2024
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
22 қараша, 2024
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді