00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жел күшейіп, тұман болады: 18 ақпанға арналған ауа райы болжамы

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жел күшейіп, тұман болады: 18 ақпанға арналған ауа райы болжамы
ашық дереккөз

Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек республиканың оңтүстік-батысында және солтүстігінде атмосфералық фронттар жылжып, қар жауып, жел соғады, оңтүстік-батыста – көктайғақ құбылыстарымен жаңбыр және қар аралас жауын-шашын болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді.

Түнде оңтүстікте, шығыста, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде синоптиктер жел 15-20 м/с күшейеді, түнде облыстың шығысында аздаған бұрқасын күтіледі, ал облыстың оңтүстік-батысында тұман болады деп болжайды, - делінген хабарламада.

Ақмола облысының солтүстігінде және шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын соғады, облыстың батысында тұман түседі.

Алматы облысының Жалаңашкөл маңында таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде тұман түсіп, таулы аймақтарда жел 15-20 м/с күшейеді деп күтілуде.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында тұман күтіледі, күндіз оңтүстікте жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының орталығында тұман күтіледі, күндіз орталықта жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аймақтарында тұман күтіледі, солтүстік-шығыста және таулы аймақтарда жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында көктайғақ күтіледі.

Атыраудың шығысында, Қостанайдың оңтүстігінде, батысында, Қарағандының шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі.