Көлік полициясы ұзақ уақыт бойы Нұр-Сұлтанда героин таратып келген қылмыстық топты құрықтады
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Жедел іс-шаралар нәтижелері бойынша 5 есірткі сатушы – Нұр-Сұлтан қаласының 28-57 жас аралығындағы тұрғындары ұсталды.
ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша бірқатар қылмыстық іс қозғалды.
Ұсталғандар УҰИ-ға қамалды. Алынған героиннің жалпы салмағы – шамамен 140 грамм.
Айта кету керек, бұл ауыр есірткінің аса ірі салмағы 1 грамнан басталады, оның заңсыз айналымы үшін мүлікті тәркілей отырып, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 08:59
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
22 қараша, 2024
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
22 қараша, 2024
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
22 қараша, 2024
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр