Елімізде АЭС салу ең перспективалы шешім – Болат Ақшолақов
Былтыр Үлбі металлургия зауытының базасында Қытайдың атом электр станциялары үшін дайын ядролық отын шығаратын зауыт ашылды. Ядролық отын белсенді шығарыла бастады. Кадрлық әлеует пен тәжірибеге келетін болсақ, атом өнеркәсібі мен ғылым саласында бізде 24 000-ға жуық адам еңбек етеді. Қазақстанның жоғары оқу орындарында 2010 жылдан бастап ядролық және техникалық физика бағыттары бойынша 3 мыңға жуық кадр даярланды. Бұл ретте, өткен аптада Ресейде біздің елдеріміз арасында қос Президенттің қатысуымен әлемдегі жетекші жоғары оқу орындары болып саналатын ресейлік жоғары оқу орындарында осы саланың кадрларын даярлау жөніндегі меморандумға қол қойылды. Электр энергиясының алдағы тапшылығын, әлемдік экологиялық күн тәртібіне байланысты көмір генерациясына тәуелділікті төмендету қажеттілігін, өндірістік қуаттардың тозуын, сондай-ақ Қазақстанның атом энергетикасын дамытудағы зор әлеуетін ескере отырып, елімізде АЭС салу неғұрлым перспективті шешім болып көрінеді, - деп Б.Ақшолақов.