00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жұлдыз жорамал: Ақпан айында бізді не күтіп тұр

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жұлдыз жорамал: Ақпан айында бізді не күтіп тұр
ашық дереккөз

Тоқты:

Тоқты, біраз уақыт бұрын күйіп- жанып бар күшіңізді салып бастаған ісіңізге аздап көңіліңіз болмай, ішкі ойыңыз бұлыңғыр болып жүргеніңіз анық. Бірақ, ешкімді айыптамаңыз, сіздің күшіңіз бәріне жетеді. Тек аз күш жұмсап, көп нәтижені қолға түсіре қоямын дегеннен аулақ болыңыз. Әр еңбектің өз бағасы болады. Тек еңбектенуден жалықпаңыз. Ақырын жүріп анық басқан адам ғана толассыз байлық пен қазынаға кенелетінін ұмытпаңыз.

Торпақ:

Торпақтар, маңайындағыларға өз әдісін өткізіп, барлық қызықты иемденгісі келгенімен, өзгелердің кедергісінен өте алмай тұрсыз ба? Ешкіммен таласпай, әділдік жолын таңдаңыз. Біреуге әлімжеттік жасаудың да жауабы болады. Кейде бес келі кәмпитті қолды ету үшін алдымен бір тал кәмпит беріп, өзгенің сенімін ұялатасыз. Бірақ, өмір алма кезек, жау іздесең дау табасың. Айналаңызға мейірім шашуға тырысыңыз, өзгелерден он есе қайтымын көресіз, өміріңіз нұрланып, ұйқыңыз тыныш болады.

Егіздер:

Қыстың соңғы айы ақшалай мәселелер туындайды. Бірақ сіз өзгелердің сөзіне еріп адаспаңыз. Түпкі ойыңыз бар қиындықтан алып шығады сізден. Тек ойланып, қайғырып тұрып қалмастан әрекетке көшіңіз. Су толған кемені күтпей, кеменің тесігін көргеннен заттарыңызды жинап, жағаға бет алыңыз. Қолыңыздан бәрі келеді, ерекше жолы болғыш жансыз.

Шаян:

Шаяндар махаббатта әлсіз деген рас шығар. Махаббат, ләззат сіздің басыңызды айналдырып, көзіңізге ғашығыңыздан басқа ештеңе көрінбей қалады. Бірақ сіз сезімге шомылып жүргенде мәселеңізді ешкім шешіп бермейді. Екі тарапты тең ұстаңыз. Қызық пен пайдалыны шатастырмаңыз.

Арыстан:

Арыстандардың жолы болатын ай. Табысыңыз еселеніп,көңіліңіз жайланады. Әрине жұмыста, қызметтегі арыстандар көтеріледі. Жұмыссыздар өзіне керек жерді дөп тауып алады. Тек іздену керек. Арыстан жұлдызындағылар үшін бұл ай жағымды жаңалыққа толы болмақ.

Бикеш:

Бикештердің өмірінде ақпан айында көп жағдайда өзгеріс жоқ. Әдемі басқосуларда жақсы ұсыныстар алуыңыз мүмкін. Тек ол жоспарлар ұзақ мерзімді қажет етеді. Сіз өте сабырлысыз, тіпті кейде жаныңызда тұрған мүмкіндікті елемей қалудан сақ болыңыз.Сабыр түбі сары алтын дегенге тым ұйықтап жүрмеңіз.

Таразы:

Таразылар жолыңыз болып, асығыңыз алшасынан түскенді жасыра тұру керек. Сәттілікке көз тиіп, өзіңіз мұңға батып қалмаңыз. Алдыңыздағы бақыт пен байлық жолын ақкөңілденіп жария етпеңіз. Өйткені көпшілік сіздің қолыңыздағы баршылыққа сұқтанады. Ал, сәттілікті жасырып, қарапайымдылықты ұстансаңыз қуаныш ұзағынан болады. Бірақ тым қатты кетіп, сараңдыққа бой алдырып жүрмеңіз.

Сарышаян:

Сарышаяндар, ақпан айында өзгені аңдып, әрекетінен ілік іздеуге болмайды. Өзіңізге ауыр тиіп, өзгеге жасаулған ауырсыну бірнеше есе болып қайтып келуі мүмкін. Денсаулығыңызға көңіл бөліп, көңіл-күйіңізге мән беріңіз. Өзіңізге жақсылық тілеп, өзгелерге нұрыңызды шашыңыз.

Мергендер:

Мергендер қыс аяғына жақсын оянып, маңайды барлап, бір іс бастаймын деп ұрынып қалмаңыз. Кейде қадірі жоқ қолда барды, жоғалтып алғанда бағалап, өкінеміз. Сіз осы айда шатасып, алданудан, нәтиже бермейтін бастамадан бас тарта тұрыңыз. Айналаны барлап, іске кіріспес бұрын барлап алыңыз.

Тауешкі:

Тауешкілер осы айда махаббат іздеп, жүрген жеріне мұқият болады. Қонақта, демалыста нағыз махаббатыңызды кездестіруіңіз әбден мүмкін. Жаңаша түрленіп, көктем сізге ерте келетін түрі бар. Бойыңызда ерекше сезім оянып бұрыңғыдан өзгерек ақылыңызға бағындай кетуі мүмкі. Бірақ абай болыңыз. Қызығушылығыңыз проблема алып келіп жүрмесін.

Суқұйғыш:

Суқұйғыштар, әліптің артын бағып, бастаманы ойланып барып қолға алыңыз. Әйтпесе екі кеменің басын ұстаған суға кетеді демекші, құрдымға кетіп жүрмеңіз. Алдымен қолыңыздағы мәселені шешіп, жабылғанына көз жеткізіңіз. Әйтпеген жағдайда мақтаншақ аспаз сияқты бір сәтте ұятқа қаласыз. Пештің бір жерінде наныңыз күйіп, екінші жағында сүтіңіз тасып өзіңіз ортады құлап жатпаңыз.

Балықтар:

Балықтар табиғатынан тұтанғалы жатқан отты қажет болса су бүркіп өшіреді, қажет болса май құйып тұтандырады. Бұл жолы жұмыста да отбасында да ескі әдістер жүрмейді. Өзгені орға жығамын деп өзіңіз құлап кетпеңіз. Әділдік сізді құтқарады.