ШҚО тұрғыны шыны бөтелкелерден монша салды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Елден ерек ғимаратты Бақытбек Бостаев екі ай ішінде тұрғызған. Құрылыс материалы ретінде түрлі сусынның құтысын қолданған. Негізінен алкогольді ішімдік бөтелкелерін пайдаланыпты. Пішіні мен түрі әрқилы болғанымен, түсін бір реңге келтіруге тырысқан.
Құрылысқа 6 мыңнан астам ыдыс кетті. Енді үйінің алдына қосымша бөлмені де осы әдіспен салуды көздеп отыр.
Шебердің өнеріне тәнті болған ауылдастары құрылыс материалдарын жинауға көмектесіп жүр.
Бұрын да моншам болған. Интернеттен көргеннен кейін салып көрейін деп ойладым. Сондай ойым болды. Енді іші жылы болады. Екіншіден, ыс тартпайды шыны. Күнге жылиды. Бөтелкелерді балалар қоқыстан жинады. Мен салдым, - деді Көгедай ауылы тұрғыны Бақытбек Бостаев.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
22 қараша, 2024
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
22 қараша, 2024
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
22 қараша, 2024
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді