11 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Циклон жырасы Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсерін тигізеді және соған байланысты атмосфералық фронталды бөлімдерде жауын-шашын күтіледі, республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауады, тек елдің оңтүстік-шығысында жауын-шашын түспейді. Кей жерлерде тұман күтіледі, жел күшейеді, еліміздің оңтүстігі мен батысында көктайғақ болады.
Ақмола облысының батысында бұрқасын болады, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман, күндіз облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында бұрқасын болып, шығысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с-ке дейін жел күшейеді.
Қостанай облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын болады, облыстың оңтүстігін, шығысын тұман басады, облыстың солтүстігінде және батысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының күндіз оңтүстік-батысында, батысында жаяу бұрқасын болады, жел 5-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Қарағанды облысының күндіз батысында жаяу бұрқасын, солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады, күндіз батысында, орталығында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Қызылорда облысының солтүстігін, орталығын тұман басады, күндіз көктайғақ, таңертең және күндіз солтүстігінде, орталығында желдің 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күндіз жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктері аудандарында тұман күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысын және орталығын тұман басады, көктайғақ, солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында көктайғақ, солтүстігінде тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, түнде және таңертең Павлодар, Алматы облыстарының оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі.