00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
ашық дереккөз

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жәбірленуші былтыр қыркүйекте күдіктілердің бірімен кездескені анықталды. Ер адам кәсіпкерге қарызды қайтару мәселесін шешуге уәде берген. Сол уақыттан бері күдіктілер күш қолданып, жәбірленушіден жүйелі түрде ақша бопсалай бастаған.

Полиция ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция жүргізді. 40 және 47 жастағы күдіктілер 300 мың теңге көлемінде ақша алғаннан кейін, ұсталды. Сондай-ақ, Орал қаласында топтың үшінші мүшесі, Батыс Қазақстан облысының 26 жастағы тұрғыны ұсталды, - делінген хабарламада.

Бұған қоса күдіктілер жәбірленушіні қорқытып, оны екі рет ірі көлемде несие алуға мәжбүрлеген.

Кәсіпкер жеке шотынан бір миллион теңгеге жуық қаражатты толық шешіп берген. Бүкіл ақшаны бопсалаушылар иемденген. Олар жәбірленушіден жалпы сомасы үш миллион теңгеге жуық ақша алған, - делінген мәліметте.