00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мүгедек адамның атынан екі несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мүгедек адамның атынан екі несие рәсімдеген алаяқ ұсталды
ашық дереккөз

36 жастағы жәбірленуші полицияға өзі алмаған екі несиені төлеуге мәжбүр болып жатқанын айтып арызданған.

Белгілі болғандай, алаяқ көмек көрсетемін деген сылтаумен жәбірленушіден ұялы телефонын сұрап, кейін оның жеке деректерін пайдаланып, интернет-қосымша арқылы жалпы сомасы 340 000 теңге болатын екі тауарлық несие рәсімдеген.

Ұсталған азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол жасаған қылмысын толықтай мойындады.