«Ахаңнан аяған қаржымен қай жыртығымызды жамаймыз?»: Белгілі айтыскер ұлт ұстазының мерейтойына қатысты назын айтты
Биылғы ұлт ұстазы Ахаңның мерейтойына байланысты біраз іс-шаралар жоспарланғаны мәлім. Соның ішінде Ахаңның ауылына баратын жолды жөндеу, Ахаң мен Жақаңның Торғайдағы мұражайының жөнделуі, Ахаңа арналған мемориалдық комплекс құрылысы, Орынбор қаласында Ахаңның ескерткішін орнату, т.б. Қостанай облысының қоғамдық кеңесі осы іс-шаралардың ішінде мемориалдық кешен мен Орынбор қаласында ескерткіш орнату облыс бюджетіне тиімсіз шығын деп жоспардан алып тастауға ұсыныс жасапты, – деп жазады айтыскер.
Ол мұндай шешімге наразы екенін жеткізді.
Сонда Ахаңнан аяған қаржымен қай жыртығымызды жамаймыз деген бір азаматтың болмағаны ма? Ахаңның ауылына жол салу, интернет орнату, мендпункт салу, мұражайды жөндеу жұмыстарын атапты. Бұл онсыз да облыс, аудан билігінің жасауға міндетті жұмыстары емес пе? Сонда Ахаңның мерейтойы болмаса Ақкөл мен Қарасу ауылдары жолсыз, медпунктсіз, интернетсіз отыра береді екен-ау! – деді А.Қалиев.
«Ұлт ұстазына қиянат жасаған екенсіздер, атасы басқа ұлттың шаруасы түгел, тілі орнында, бұл аймаққа талай әкім келер, кетем… Бірақ қазаққа бүтін бір аймақты қайтарған Ахметтің намысы өзімен бірге кетпейтіні естеріңде болсын», «Нағыз маңыздысы, қажеттісінен бас тартқаны несі?», «Масқара, ұят екен», – деп пікір білдірді желі қолданушылары.