Былтыр елімізде 17,1 млн шаршы баспана пайдалануға берілді
Республика бойынша барлығы 151 192 баспана, оның ішінде 41 250 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді.
Салаға салынған инвестиция көлемі 2,4 трлн теңгеге жетіп, 2020 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 19,1% артты.
Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 2020 жылмен салыстырғанда барлық өңірде дерлік өскен. Атап айтқанда, Маңғыстау (119%), Ақмола (115,8%), Жамбыл (112,9%), Павлодар (112,3%) облыстары, сондай-ақ Алматы қаласы (116,6%) және Шымкент қаласы (116,1%) көш басында.
Осы ретте Қарағанды (98,5%) және Қызылорда (93,8%) облыстарын қоспағанда, Қостанай (109,8%), Алматы (109,7%), Шығыс Қазақстан (107,4%), Атырау (106,2%), Солтүстік Қазақстан (105,8%), Батыс Қазақстан (105,1%), Түркістан (104,1%), Ақтөбе (104%) облыстарында, Нұр-Сұлтан қаласында (104,6%) оң серпін байқалады.