00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

15 қыркүйектен бастап мектеп оқушылары сабақты онлайн оқитыны рас па

15 қыркүйектен бастап мектеп оқушылары сабақты онлайн оқитыны рас па
фото: bilim-all.kz

Әлеуметтік желілерде 15 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан білім алатыны туралы ақпарат тарады. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Комитет мәліметінше, бұл хабарлама шындыққа жанаспайды. 

«Мессенджерлерде 15 қыркүйектен бастап балаларды қашықтықтан оқытуға жібереді және мекемелерде бетперде режимі енгізіледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Жыл сайын эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуді көздейтін ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы бекітіледі. Қаулыға сәйкес, ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Бетперде режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі»,- деп жазылған мәлімдемеде.