00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Қазақстан халқына» қорына 52 млрд теңгеден астам қаржы түсті

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Қазақстан халқына» қорына 52 млрд теңгеден астам қаржы түсті
ашық дереккөз

2022 жылғы 16-27 қаңтар аралығында қорға 52 миллиард теңгеден астам қаржы түсті. Қор жылына кемінде 100 млрд теңге көлемінде ақша қаражатын шоғырландырады деп жоспарлануда. Біздің болжамды есептеулерімізде шетелдік және халықаралық компаниялардан қаражаттың түсуі көзделмеген. Біз қазақстандық ірі кәсіпорындар мен олардың акционерлеріне қайырымдылыққа елеулі үлес қосқаны үшін алғысымызды білдіреміз, – делінгн қордың хабарламасында.

26-27 қаңтар аралығында «Қазақстан халқына» қоры арқылы қайырымдылыққа елеулі үлес қосқандар:

- Болат Өтемұратов – 10 млрд теңге;

- «РАМС-КАЗАХСТАН» ЖШС – 300 млн теңге.

Қор басшылығы алынған барлық қаржы қаражатының толық ашықтығы мен есептілігі қамтамасыз етілетінін мәлімдейді. Ақша Қазақстан халқының игілігіне, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім, мәдениет және спорт проблемаларын шешуге бағытталады. Қор орфандық және басқа да аурулары бар, халықтың әлеуметтік осал топтарына мұқтаж балаларға, қаза тапқан әскери қызметкерлердің, құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінің отбасыларына, сондай-ақ басқа да қайырымдылық мақсаттарға қолдау көрсетеді.