IPhone адамды енді маскасымен танитын болды
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
iOS 15.4 бета-нұсқасында беттегі масканы шетпестен, смартфонды бұғаттан шығаруға болады. Осылайша iPhone қолданушылары масканы шешіп әуреге түспейді. Девайс иелері бұл мүмкіндікті телефонның баптауларынан іске қоса алады.
Жаңа функция барысында iPhone өз иесін көзі мен оның айналасы арқылы тани алады. Бұрын Face ID функциясы адамның беті ешқандай аксессуармен жабық тұрмаса ғана жұмыс істейтін.
Алайда масканы шешпестен смартфонды бұғаттан шығару әдеттегіден көбірек уақыт алуы мүмкін.
Әзірше жаңа функция iPhone 12 және 13 телефондарында ғана қолжетімді. Көпшілікке iOS 15.4 нұсқасы толықтай қолжетімді болған соң, бұл функция Face ID-і бар барлық айфондарда іске қосылады.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
«Айқай» фильмі халықаралық фестивальде топ жарды
19 қыркүйек, 2024
Астанада құны 346 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды
19 қыркүйек, 2024
«Ең бастысы – дұрыс таңдау жасау»: Ерлан Каналимов АЭС салуға қатысты пікір білдірді
19 қыркүйек, 2024
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында үздік промо-ролик түсірген мобилограф анықталды