Аустрияда ковидке қарсы екпе алмағандар 600 еуро айыппұл төлейді
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Соған сәйкес, елдің бүкіл тұрғындары екпе алуға міндеттелді.
Euronews агенттігінің мәліметінше, аталған заң 2024 жылдың 31 қаңтарына дейін сақталады. Осылайша, Аустрия - ЕО-да коронавирусқа қарсы екпе міндетті саналатын бірінші ел болып отыр. Наурыз айынан бастап екпе салдырмаған азаматтар айыппұл төлейтін болады. Оның ең төменгі көлемі – 600 еуро.
Бұған бөлек, ел билігі екпе алғандар арасында сыйлықтар ұтысын ұсынуды жоспарлап отыр. Лотереяның әрбір оныншы қатысушысы 500 еуро көлеміндегі ақшалай купон ұта алады.
Біз аймақтарды тек вакциналау жөнінде ақпараттандыру үшін ғана емес, сондай-ақ екпе салдырғандар саны үшін ынталандырамыз. Аймақтар мен қалалар бұл қаражатты өз дамуына жұмсай алады, - деп мәлімдеді Аустрия канцлері Карл Нехаммер.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
22 қараша, 2024
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
22 қараша, 2024
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
22 қараша, 2024
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді