00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Нұр-Сұлтан әуежайында Алматыдағы тәртіпсіздікке қатысқан күдіктілер ұсталды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтан әуежайында Алматыдағы тәртіпсіздікке қатысқан күдіктілер ұсталды
ашық дереккөз

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, тексеру барысында олардың ұялы телефондарынан Алматы қаласындағы митингке, демонстрациялық әрекеттер мен бұзақылықтарға қатысқандығын растайтын бейнежазбалар табылды.

2022 жылғы 16 қаңтарда «Нұр-Сұлтан» Шекаралық бақылау басқармасының әскери қызметшілері Астана әуежайының нысандарын күзету мен қорғауды жүзеге асыру кезінде мінез-құлық белгілері бойынша Ресей Федерациясына кетуге бағыт алған Қазақстан Республикасының 2 азаматын ұстады. Олардың жүгі мен қол жүгін тексеру барысында пышақтар, кастеттер мен кісендерден тұратын суық қару түрлері табылды, – делінген хабарламада.