00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Нұр-Сұлтанда LRT ісі бойынша күдіктілер жауап алуға шақырылды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда LRT ісі бойынша күдіктілер жауап алуға шақырылды
ашық дереккөз

Ведомство мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке, «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы Талғат Арданға және басқа да тұлғаларға қатысты «Астананың жаңа көлік жүйесі» LRT, BRT/ITS жобасын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Оқи отырыңыз: АҚШ-қа қашып кеткен экс-шенеунік Кәрім Мәсімовті кінәлап отыр

Тергеу жинаған айғақтар күдікті Сұлтанбековтің іс-әрекетін Қылмыстық кодекстің 1997 жылғы редакциясындағы 176, 235-баптары және қолданыстағы ҚР ҚК-нің 189-бабы бойынша саралауға мүмкіндік берді.

Арданның заңсыз әрекеттері 1997 жылғы ҚК-нің 176-бабы, 262-бабы және қолданыстағы ҚР ҚК-нің 189-бабы бойынша сараланды, - делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Күдіктілер Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының Қабанбай батыр даңғылы 31 мекенжайындағы әкімшілік ғимаратқа келуі қажет.

Тергеу әрекетіне қатысу үшін күдіктілер қорғаушыны өз бетінше шақыруға не қылмыстық процесті жүргізетін органға қорғаушы алу туралы өтініш жасауға құқылы.

Егер қорғаушыны күдіктілер немесе олардың заңды өкілдері, сондай-ақ олардың тапсырмалары бойынша басқа да адамдар шақырмаса, қорғаушының қатысуын қылмыстық процесті жүргізетін орган қамтамасыз етеді", - деп түсіндірілген Бас прокуратура құжатында.