00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Әкемді қолдағандарыңыз үшін алғыс»: Назарбаева елдегі жағдайға қатысты пікір білдірді

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Әкемді қолдағандарыңыз үшін алғыс»: Назарбаева елдегі жағдайға қатысты пікір білдірді
ашық дереккөз

Елде болып жатқан жағдай жүрегіме ауыр тиді. Зардап шеккендер мен қаза болғандардың қайғысы мен іштегі өкінішті жеткізуге сөз таппай отырмын. Қаза болғандардың отбасына қайғырып көңіл айтамын. Бұл қатаң сабақ барлығымыз үшін ел тарихындағы осындай соңғы оқиға болсын. Адамдардың бейбіт кезеңде қаза болып жатқаны дұрыс емес, - деп жазды Әлия Назарбаева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол сондай-ақ желідегі оқырмандарына жылы лебіздері үшін алғыс айтты.

Қазіргі кезеңде әкемді моральдық жағынан қолдап жатқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Әкем елдің әр аймағындағы тұрғындардан көптеген хабарлама алып жатыр. Қазақстанға бейбітшілік пен гүлдену, қазақстандықтарға амандық пен денсаулық тілеймін, - деп жазды Назарбаева.