00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Павлодар облысында тұрғынға алкоголь ішуге тыйым салынды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Павлодар облысында тұрғынға алкоголь ішуге тыйым салынды
ашық дереккөз

Полицейлерімен ата-анасының кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу және бағып-күту бойынша міндеттерін орындамауы фактісі анықталды.

Шалдай ауылының тұрғыны кәмелетке толмаған қызын тиісті түрде тәрбиелеумен айналыспайды, алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдаланады. Оның мінез-құлқы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда бірнеше рет қаралды, әйел профилактикалық сипаттағы әңгімелерге жауап қайтармайды. Осыған байланысты полициямен ата-ана міндеттерін орындамағаны үшін әйел ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материал сотта қаралды, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция атап өткендей, сот қаулысымен әйел 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды, кінәні жеңілдететін мән-жайларға байланысты әкімшілік айыппұл 30%-ға дейін қысқартылды. Сондай-ақ, әйелге қатысты үш ай мерзімге мінез-құлыққа ерекше талаптар белгіленген, атап айтқанда әйелге спирттік ішімдік ішуге тыйым салынады және профилактикалық әңгімелесу үшін инспекторға келуі қажет.