00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады
ашық дереккөз

«Қазгидромет» мәліметінше, ертеңнен бастап Скандинавия аудандарынан келген циклон еліміздің басым бөлігінің ауа райына әсер етеді. Сондықтан жауын-шашын болып, жел күшеюі ықтимал. Ауа температурасы аздап көтерілуі мүмкін.

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыста және солтүстік-батыста түнде 0-8 градус аяз, елдің солтүстігі мен орталығында 5-15 градусқа дейін аяз болады, - делінген хабарламада.