«Бірақ бір әттеген-ай бар...»: Алматы облысында қар барысы суретке түсірілді (ФОТО)
Бүгін керемет жаңалық келді. «Алтынемел» ұлттық саябағының маңында қар барысы серуендеп жүрді. Бүгін жергілікті тұрғындар смартфондарына түсіріп, ұлттық саябақ инспекторлары мен табиғатты қорғау мекемелеріне хабарлады.
Моңғолияда қар барыстарын далада жиі кездестіруге болады. Бұл – қалыпты жағдай. Олар азық іздеу үшін өте алысқа қоныс аудара алады. Әдетте бұл жануарлар арқар, ешкі және басқа да тұяқты жануарларды аулайды.
Жергілікті тұрғындар жарады! Бірақ бір әттеген-ай бар. Былтыр Экология министрлігі ұлттық саябақтың жер телімдерін ұзақ мерзімге жалға берді. Ал онда құлан, қарақұйрық, қар барысы мекендейді. Мырзағалиевке ұлттық саябақтардағы осындай былыққа жол бергені үшін рақмет! - деп жазды Ділдахмет.
Еске сала кетейік, «Алтынемел» ұлттық табиғи саябағы Іле өзенінің аңғарында, Алматы облысының аумағында орналасқан.