Қазақтың рухын көтеру үшін шындықты түсіру керек екен – «Ирина Кайратовна» мүшесі
Барлықтарыңызға рахмет, бірақ бір байқағаным, қазақтың рухын көтеру үшін әшейін ғана шыңдықты әдемі түсіріп беру керек екен.
Біздің Қуаныш («ИК» және фильм режиссері Қуаныш Бейсеков) гений, сөзсіз. Бүкіл командаға да рахмет, естеріңізде болсын, «ИК» деген енді 6 бала емес, бүкіл көмектескен жұрт.Тәуелсіздік деген – аманат, біз – келесі толқын жастары оны толықтай түсінуіміз керек, – деді Алдияр Жапарханов.
«Ирина Қайратовна» шығармашылық бірлестігі тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай халыққа «Отыздан асып барамын» фильмін тарту етті. YouTube-та жарияланған кинокартина 11 күнде 6 миллионнан астам қаралым жинады. Фильмде Қазақстанның 30 жылдағы бет-бейнесі көрініс тапқан.
Айта кетейік, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова «Ирина Қайратовна» түсірген осы фильмге орай пікір білдіріп, топ мүшелеріне ренжулі екенін жазған болатынбыз.