00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мемлекеттік қызметшілерге сыйлық бергендерге айыппұл салынады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мемлекеттік қызметшілерге сыйлық бергендерге айыппұл салынады
ашық дереккөз

Мәселен, Қылмыстық кодексінің 367-бабына сәйкес 2 АЕК-тен асатын сомадағы сыйлық пара болып есептеледі және қылмыстық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соғады, ал өзге жағдайларда (егер сыйлықтың құны төмен болса) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 676 және 678-баптарына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға немесе оларға теңестірілген адамдарға берілген заңсыз материалдық сыйақы әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарға жемқорлыққа жол бермеу бойынша өзінің азаматтық ұстанымын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын жасау бойынша жәрдем көрсетуді сұрайды.

Бүгінгі күні жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру және азаматтық қоғамды осы қауіпті әлеуметтік құбылыспен күреске тарту бойынша ынталандырушы тетіктердің бірі – біржолғы ақшалай сыйақы нысанында жүзеге асырылатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу.

Пара немесе келтірілген залал сомасы 1000 АЕК (2 млн 917 мың теңге) аспайтын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық туралы хабарлама үшін сыйақы (қылмыстың ауырлығына байланысты) 30-дан 100 АЕК-ке дейін құрайды.

Біржолғы ақшалай сыйақы мынадай мөлшерде белгіленеді:

1) сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар туралы Әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК;

2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК;

3) ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК;

4) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК;

5) аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК.

Пара немесе келтірілген залал сомасы немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер құны 1000 АЕК-тен асатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы пара немесе келтірілген залал немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер сомасының 10%-ын құрайды, бірақ 4000 АЕК-тен аспайды (11 млн 668 мың теңге).

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша ақпарат бергені немесе өзге де түрде көрсетілген жәрдем үшін қаржылық ынталандыру мөлшерін ұлғайту сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықтың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталған.

2021 жылы департамент 1 655 660 теңге сомасына 6 адамды марапаттады.

Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адамдарды қорғау тиісті түрде жүзеге асырылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес, мұндай жағдайлар туралы хабарлаған адам ақшалай қаражатпен ынталандырылып қана қоймай, мемлекеттің қорғауында болады. Мұндай адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады.

Құрметті елорда азаматтары егер сіз сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына тікелей жүгінуіңізге немесе Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кезекші бөліміне 8 (7172) 72-62-22, 72-66-32 нөмірі бойынша қоңырау шалуыңызға болады, осылайша әрбір азамат еліміздің дамуына үлкен үлес қосып, болашақ ұрпақ үшін қолайлы жағдай жасай алады, – делінген хабарламада.