00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Пандемия кезінде автобустағы ең қауіпті орындар қандай

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Пандемия кезінде автобустағы ең қауіпті орындар қандай
ашық дереккөз

Зерттеу барысында мамандар ылғалдылық, булану, ауа мен тамшы динамикасының жылу алмасу көрсеткіштерін, сондай-ақ желдету жүйелерінің ықпалын ескерген. Нәтижесінде вирусты ең аз ықтималдықпен таралатын тұс терезе жанындағы орындар болып шықты, бұл жерде терезенің жабық болуы да маңызды емес. Осы жерде отырған жолаушылардың өзгелерге вирус жұқтыру ықтималдығы да төмен, өйткені олар тыныс алатын ауа сол сәтте-ақ ағынға ілесіп, автобустан шығып кетеді.

Кіреберіс ортада тұру да салыстырмалы түрде қауіпсіздеу, себебі ауаның микробөлшектері ешкімге зиян келтірместен орындықтар астына кетеді. Алайда кіреберіске жақын орындықтарда отырған жолаушылар өздеріне ғана емес, өзге жолаушыларға да зиян келтіруі мүмкін. Салонның бұл жерінде ауа айналмайды десек те болады, сондықтан вирус жұқтырған жолаушылардан шыққан ауа тамшылары кіреберісте отырған жолаушылардың киімі мен сөмкесіне қонуы мүмкін.