«Ұялмай баруым мүмкін»: Ерке Есмахан тағы кіммен кездесейін деп жүр
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Әнші махаббат тақырыбына қатысты ойымен өзінің Stories бөлімінде бөлісті.
Енді жігіттермен кездеспеймін десем, қателік шығар, иә? Түнгі ой ғана. Ертең ойымды өзгертемін. Болмаса, қиын болады, - деп мойындады ол.
Махаббаттан көңілі қалған жазылушылар Еркеге хат жаза бастады. Олар жігіттермен енді ешқашан дос болмауға кеңес берді. Ерке өзінің бір сәттік осал тұсына мән бермеуге шақырды.
Сіз менің артымнан ермеңіз. Маған сенбеңіз. Ертең мен біреумен кездесуге ұялмай баруым мүмкін, - деп жазды ол.
Еске салсақ, бұған дейін Ерке Есмахан «Ninety One» тобының бұрынғы мүшесі Азамат Зенкаевпен кездескен. Ол әншіден бірнеше жас кіші болды. Алайда жас айырмашылығы олардың арақатынасына кедергі болмаған.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
22 қараша, 2024
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
22 қараша, 2024
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
22 қараша, 2024
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді