Тұмауратып қалған кезде не істеу керек
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Маман ауыра салып, бірден дәріханаға жүгірмеу керектігін ескертеді. Оның айтуынша, барлық дәрі құрамында адам ағзасына зиянды ауыр металдар бар.
Антибиотик ішкен сайын иммунитетіміз түсіп кетеді. Керісінше иммунитетімізді көтеретін табиғи өнімдерді тұтыну керек. Адам ағзасы вирусты жеңе алады. Ал антибиотикті тек дәрігердің тағайындауымен ішу керек, – дейді Ақнұр Қозыбаева.
Маман тұмаумен күресуде бірінші кезекте жиі су ішу керектігін айтты.
Тұмауратып қалсаңыз, көбірек су ішуіңіз керек. Су ағзадағы вирусты шығаруға көмектеседі, – дейді маман.
Нуртициолог сумен бірге зімбір мен сарымсақтың да пайдасы зор екенін атап өтті.
Екінші, зімбірді пайдалану керек. Суға қосып ішсе болады, дәмдеуіш ретінде де тұтыну керек. Вирусты жоюға көмектесетін үшінші ғажап өсімдік – сарымсақ. Сорпаға қосып ішуге болады, сарымсақты ұнатпайтындар бананға езіп жесе де болады. Қызылшаны пісіріп, сарымсақпен араластырып салат ретінде тұтынуға кеңес беремін, – дейді Ақнұр Қозыбаева.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 17:53
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
Бүгін, 17:23
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
Бүгін, 15:32
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Бүгін, 13:58
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді