00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

АШМ ұжымы енді әріптестерімен көрші отырады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
АШМ ұжымы енді әріптестерімен көрші отырады
ашық дереккөз

Бұл қадам Ауыл шаруашылығы министрлігі ұжымын Қазақстан Республикасының барлық басқа министрліктері мен ведомстволары орналасқан ғимаратқа жақын жерге көшіру үшін жасалып отыр. Әрине, бізге қаланың басқа ауданында алыстау жерде отыруға болар еді. Бірақ та бізге дәстүрлі түрде барлық министрліктер отырған жақын жерде жұмыс істеген жөн деп ойлаймын. Бұл өз кезегінде Ауыл шаруашылығы министрлігі жұмысына да оңтайлы әсер етеді, - деді ведомствоның басшысы Ербол Қарашөкеев.

Оның айтуынша, көшіру іс-шараларын қаржыландыру басқа бағдарламаларды жүзеге асыруға ықпал етпейтін болады.

Бұл қаражат басқа бағдарламалар бойынша бағытталады және ауыл шаруашылығын, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қаржыландыру бағдарламаларына ықпал етпейді, - деді министр.