Бақытгүл Хаменова қамауға алынды
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Атырау облыстық прокуратурасы осыған дейінгі мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен келіспей, облыстық сотқа шағым түсірді. Прокуратура облыс әкімінің орынбасарын қамауға алу туралы өтініш түсіріп, облыстық сот Бақытгүл Хаменованы қамауға алу туралы қаулы шығарды. Енді ол сотқа дейін тергеу изоляторында отыратын болады.
Еске сала кетейік, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова және облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев Абай ескерткішін орнату бойынша мемлекеттік сатып алу келісімшарты үшін 4,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілікті.
Тергеу соты Хаменованы жалғызбасты әйел, жалғыз өзі екі жас баланы тәрбиелеп отырғанын, асырауында қарт анасының бар екенін ескеріп, үйқамаққа алған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 08:59
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
22 қараша, 2024
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
22 қараша, 2024
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
22 қараша, 2024
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр