00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Олжас Сүлейменов ТМД-ның «Достастық жұлдызы» сыйлығын иеленді

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Олжас Сүлейменов ТМД-ның «Достастық жұлдызы» сыйлығын иеленді
ашық дереккөз

«Достастық жұлдыздары» – ТМД-ның гуманитарлық саладағы жоғары жетістіктері үшін берілетін марапат. Оның иегерлерінің арасында ММХҚИ ректоры, Ресей Ғылым академиясының академигі Анатолий Торкунов, Ресей-армян университетінің ректоры Армен Дарбинян (Армения), физик ғалымдардың авторлық ұжымы: Александр Тузиков, Сергей Золотой және Сергей Кореняко (Беларусь), Астрофизика институтының директоры Гүлчехра Кохирова (Тәжікстан), ұлттық ғылым академияларының президенттері Мұрат Жұматаев (Қырғызстан) және Ион Тигиняну (Молдавия). Сондай-ақ, сыйлық иегерлерінің арасында Қазақстан жазушысы Олжас Сүлейменов, Әзербайжан опера әншісі Эльчин Әзизов және Өзбекстанның эстрада-симфониялық оркестрінің жетекшісі Мансұр Ташматов бар.

Салтанатты рәсімде сондай-ақ өздерін гуманитарлық салада танытқан жастарға арналған «Дебюттер достастығы» сыйлығы да берілді. Аталған сыйлық ТМД-да Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы болып жарияланған 2020 жылдың қорытындылары бойынша табысталды.

Сыйлық иегерлерінің арасында «Жоғары экономика мектебі» ұлттық зерттеу университетінің қызметкері, Смоленск мемлекеттік университеті кафедрасының оқытушысы Антон Азаренков, оқытушылар Заур Мәмедов (Әзербайжан), Армен Айвазян (Армения), тілші Екатерина Мысливец (Беларусь), суретші Алмас Нұрғожаев (Қазақстан), А.Малдыбаев атындағы Ұлттық академиялық опера және балет театрының солисті Фарух Садырқұлов (Қырғызстан), «Орыс тарихи-патриоттық клубы» қоғамдық ұйымының жетекшісі Алексей Петрович (Молдавия), Тәжікстан Ұлттық мұражайы экскурсиялық бөлімі бастығының орынбасары Муминпур Мубирхони, Өзбекстан Қарулы күштері мұражайының жетекші ғылыми қызметкері Барно Исахова бар. Шара аралас форматта өтті, рәсімге РФ президентінің арнайы өкілі Швыдкой, Әзербайжан елшісі Бюльбюльоғлы және Гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қорының атқарушы директоры Анатолий Иксанов қатысты, ал лауреаттар бейнебайланысқа шыққан.

Сыйлықтардың табысталу рәсіміне ТМД Жастар симфониялық оркестрі арнайы концерттік бағдарламасын дайындады. Сыйлық лауреттарына арнайы диплом, құрмет белгісі мен куәлік табысталады. Сыйлықтың ақшалай баламасы 2 млн ресейлік рубльді құрайды.