Астана автобустарының жүргізушілері туралы бейнеролик түсірілді
«Бүгін біз тәуелсіз Қазақстанның дамуына қатысатын маңызды адамдардың бірі – қоғамдық көлік жүргізушілерін атап өткіміз келеді. Олар таң атысынан бастап адамдарды жұмысқа, оқуға, жаттығуға, туыстарына немесе достарына қонаққа апарады. Қоғамдық көлік қаланың, елдің тыныс-тіршілігінің маңызды құрамдас бөлігі», - деді компанияның баспасөз қызметі.
Елорда автобустарында 30 жылдық тәжірибесі бар және Тәуелсіздікпен құрдас жүргізушілер жұмыс істейді.
«Менің жұмыс күнім қала әлі ұйықтап жатқанда басталады. Өйткені, менің мамандығым жаңа күннің өмір ырғағын белгілейді. Осы салада жұмыс істегеніме 30 жыл болды. Осы жылдар ішінде маңызды да, қажетті қоғамдық көлік жүргізушісі мамандығын жалғастыратын жаңа буын өсті», - деді Қанат Күлтаев.
Ал Арман Төкенов – Тәуелсіздіктің құрдасы. Ол да өмірін қоғам үшін пайдалы жұмыспен байланыстырған.
«Мен Тәуелсіз Қазақстанның құрдасымын және аталарым армандаған еркін елде тұрамын. Мен қоғамға пайдалы болғаныма қуаныштымын. Сондықтан адамдарға қажетті мамандықты таңдадым. Иә, менің жұмысым оңай емес. Бірақ адамдардың өміріне қатыса отырып, мен еліміздің өркендеуіне үлес қосамын. Тәуелсіздік күнімен!», - дейді автобус жүргізушісі А. Төкенов.