Нұрлан Нығматулин БЖЗҚ басшысын қатаң сынға алды
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Мәжілістің пленарлық отырысында депутаттарға сақтандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеу бойынша заң жобасы ұсынылды. Бірінші оқылымда заңнама қабылданды.
Құжаттың алғашқы бөлімдерінде ерлі-зайыптыларға немесе жақын туыстарға ортақ зейнетақы аннуитетін ашу жайлы сұрақ қарастырылған. Депутаттар БЖЗҚ басшысы Жанат Құрмановқа заңға қатысты сауалдарын қойды.
Алайда спикер сұрақтарға толық жауап бере алмай, Нұрлан Нығматулиннен қатаң сөгіс естіді.
"Бірде-бір сұраққа жауап бермейсіздер. Осы сұрақтарға да. Біздің регламент бойынша бар болғаны екі қадам жасау керек. Неліктен жеткіліктік шегі жайлы халыққа үш апта жауап бере алмағандарың енді белгілі болды. Мұнда келер кезде дайындалу керек, түсінікті ме?", - деп мәлімдеді Мәжіліс төрағасы.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 17:53
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
Бүгін, 17:23
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
Бүгін, 15:32
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Бүгін, 13:58
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді