00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Нұр-Сұлтанда сырғанау маусымы басталды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда сырғанау маусымы басталды
ашық дереккөз

Елордада EXPO іскерлік орталығының аумағында конькимен сырғанаудың V маусымы ашылды. Сыйымдылығы 200 адамға дейінгі EXPO мұзайдыны елорданың ең көрікті жері – NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайының түбінде орналасқан.

Мұзайдынның ауданы – 1500 шаршы метр. Конькимен сырғанау барлығына тегін.

EXPO мұзайдыны жұмыс күндері 12:00-ден 23:00-ге дейін, ал демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Мұзайдынына өз конькиіңізбен келуге немесе сол жерде жалға алуға болады.