«Омикрон» штамын анықтайтын алғашқы ПТР тест жасалды
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Тестті Bio Acumen Global фармацевтикалық компаниясы әзірледі. Қазіргі кездегі тесттер коронавирустық инфекцияны анықтай алады, бірақ пациенттің қандай штамды жұқтырғанын көрсетпейді. Жаңа тестті қолдану уақытты үнемдеуге көмектеседі, COVID-19 жұқтыру фактісін және организмде «омикрон» штамының бар-жоғын бірден анықтайды. Әзірлеуші компания жақын арада көрші елдерге жаңа ПТР-тестілерді жеткізуді жоспарлап отыр.
Ресейлік вирусолог Петр Чумаков «омикрон» штамын «тірі» вакцина деп атады. В. А. Энгельхардт атындағы молекулалық биология институтының зертхана меңгерушісі «омикронның» пайда болуымен адамзат локдаундар туралы ұмыта алады деген үмітін білдірді.
Табиғат коронавирусқа қарсы тірі вакцина жасады деген оптимистік пікір бар. Яғни, осы штаммен ауырған адамдар сауығып шыққаннан кейін патогендік нұсқаларға төзімді келеді, - деп ұсынды Чумаков.
Бірақ соңғы тұжырымдарды жасауға әлі ерте екендігі де атап өтілді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 08:59
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
22 қараша, 2024
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
22 қараша, 2024
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
22 қараша, 2024
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр