Қазақстанда "Мал дерек" мобильді қосымшасы әзірленіп жатыр
Министрдің айтуынша, ветеринариялық қызмет нарығын дамыту, мал дәрігерлерінің жалақысын көтеру, орталық және жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметі өкілеттігінің аражігін ажырату ветеринария саласының түйінін тарқатады.
“Бұл ретте цифрландыруға ерекше көңіл бөлдік. Қазіргі уақытта мобильді қосымшасы бар "Мал дерек" бағдарламалық өнімі әзірленіп жатыр. Ол ветеринариялық құжаттаманың негізгі бөлігін цифрлы форматқа ауыстыра отырып, мамандарды қағазбастылықтан босатуға және жануарларды есепке алудың барлық процесін автоматтандыруға сонымен қатар эпизоотиялық ахуалды және мал өнімдерінің қауіпсіздігін қадағалауға мүмкіндік береді. Осы бағдарламалық өнімнің бірінші нұсқасы жыл соңына дейін әзірленеді және келесі жылы бір ауданның базасында сынақтан өтеді. Содан кейін тағы да бір рет пысықталып, республика көлемінде қолданысқа енгізіледі", – деді Ербол Қарашөкеев.