Мысырда жүрген қазақстандықтар 23 әуе рейспен елге қайтарылады
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Қазақстан туроператорлар қауымдастығының мәліметінше, қазіргі кезде 4 мыңдай Қазақстан азаматы Мысырда жүр.
«Қазіргі уақытта Мысырда шамамен 4000 турист бар. Олардың бәрі жақын күндері «Air Astana» әуе компаниясының 23 репатриациялық рейсімен Қазақстанға кері қайтарылады. Қазір Мысырдағы азаматтарға алаңдамауды және барлық санитарлық шараны сақтауды өтінеміз. Мысырға жаңажылдық тур сатып алған туристер бағытты өзгерте алады. Әуе қатынасы ашылғанға дейін қаражатын сақтай алады немесе ақшасын қайтара алады», – делінген ресми хабарламада.
Қазақстанда COVID-19 таралуын алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 3 желтоқсаннан бастап жаңа шектеу енгізеді. Соның ішінде Мысырмен әуе қатынасын тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
22 қараша, 2024
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
22 қараша, 2024
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
22 қараша, 2024
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді