00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда 3 желтоқсаннан бастап бірқатар шектеу енгізіледі

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда 3 желтоқсаннан бастап бірқатар шектеу енгізіледі
ашық дереккөз

Оның айтуынша, COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия 3 желтоқсаннан бастап жаңа шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдаған.

"Жаңа "омикрон" штамының пайда болуын ескере отырып, оның республика аумағына әкелінуіне жол бермеу мақсатында ведомствоаралық комиссия мынадай шешімдер қабылдады:

- Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Оңтүстік Африка, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуін шектеу;

- "Омикрон" нұсқасынан туындаған коронавирус жағдайлары анықталған Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Аустралия, Канада және Мысырдан келетін адамдар үшін вакцинациясы бар-жоғына қарамастан міндетті ПТР-анықтама талап ету;

- "Омикрон" штамынан туындаған коронавирус жағдайлары анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күнге оқшаулануы тиіс", - деді М.Шоранов.