00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жұмысқа әзірлік паспортын алмаған мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жұмысқа әзірлік паспортын алмаған мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды
ашық дереккөз

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» ШЖҚ РМК 2021-2022 жылдар мерзімінде күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алмағаны үшін «Нұр-Сұлтан қаласының Отын-Энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ келіп түскен материалдар бойынша әкімшілік іс қозғады.

Әкімшілік істі қарау барысында, РМК уәкілетті орган белгілеген мерзімде күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алмағаны анықталды, қызмет алушыларға әзірлік паспортын жыл сайын 19 қазанға дейін алу қажет, бұл 2015 жылғы 2 ақпандағы №55 энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу ережелерінің 32 тармағын бұзу болып табылады.

Осыған байланысты департамент ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 802-бабының 2-бөлігін басшылыққа ала отырып, уәкілетті орган белгілеген мерзімде жұмысқа әзірлік паспортын алмағаны үшін РМК-ны кодекстің 301-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Департамент барлық энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарға уәкілетті орган бекіткен уақытта күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қажеттілігін ескертеді.