00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Асқар Мамин эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Асқар Мамин эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды
ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығы туралы баяндады. Инфекциялық төсектер 30%, реанимациялық төсектер 25% толы.

Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша «қызыл аймақта» тұр, Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстары – «сары аймақта». Қалған өңірлер және жалпы Қазақстан Республикасы «жасыл аймақта» орналасқан.

Бүгінгі таңда 8,7 млн-ға жуық адам вакцинаның бірінші компонентін алды – бұл ересек тұрғындардың 76%-ы, сондай-ақ 8 млн-ға жуық адам немесе ересек адамдардың 70%-ы екінші компонентін алды.

Тұмаудан вакциналау 99%-дан асты.

22 қарашада барлық өңірде коронавирус ревакцинациясы басталды.

Үкімет басшысы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды, әсіресе шекара маңындағы облыстарда тұрақты бақылауда ұстауды, вакциналау қарқынын арттыруды, сондай-ақ вакциналарды сақтау және тасымалдау режимін қамтамасыз етуді тапсырды.