Ертең ай тұтылады
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Gismeteo мәліметінше, бұл жолғы ерекшелік – Айдың жартылай тұтылу уақыты ең ұзаққа созылады. Бұл жағдай соңғы 500 жылдан астам уақытта қайталанып отыр.
Жартылай тұтылу фазасы 3 сағат 28 минут 24 секундқа, толық тұтылу 6 сағат 1 минутқа созылады. Сонымен қатар, Ай толады.
Астрологтардың болжамынша, Айдың толуы мен тұтылуының сәйкес келуі адамдардың өміріне өзгеріс әкеледі, бірқалыпты өмір ағынынан шығуға және ұмытылған ескі мәселелерді жандандыруға ықпал етеді.
Айта кетейік, қазақстандықтар Ай тұтылуын көре алмайды. Бұл астрономиялық құбылысқа Америка, Солтүстік Еуропа, Шығыс Азия және Аустралия тұрғындары куә бола алады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 08:32
Талдықорған құтқарушылары моншадағы өртті сөндірді
19 қыркүйек, 2024
«Айқай» фильмі халықаралық фестивальде топ жарды
19 қыркүйек, 2024
Астанада құны 346 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды
19 қыркүйек, 2024
«Ең бастысы – дұрыс таңдау жасау»: Ерлан Каналимов АЭС салуға қатысты пікір білдірді